Центр дополнительного образования "Дарын"

«Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық қашықтық ғылыми жарысынан жүлделі ІІІ орын!

Ағымдағы жылдың 5-6 мамыр күндері аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық қашықтық ғылыми жарысы өтті. Оған 5 секциядан 161 жас зерттеушілердің авторлығымен 116 ғылыми жоба, оның ішінде 47 командалық және 69 жеке жұмыстар ұсынылды.

Ғылыми жарыстардың мақсаты – ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы оқушылардың зияткерлік әлеуетін анықтау және дамыту, отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру.

Аталмыш ғылыми жарысқа облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының «Роботтық техника» үйірмесінің тәрбиеленушілері Адилов Сержан «Space-X 360 ғарыштық қоқыстарды жинау аппараты» және Тұрарбек Камилла «Жерді ғарыштан электр қуатымен қамтамасыз етуге арналған аппарат» жобаларымен «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жетекшілері: Иманалиев Марат Мансурұлы мен Саймова Фариза Бисенбайқызы.

Оқушылар мен жетекшілерді жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

© ЦЕНТР ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ "ДАРЫН"

© 2022 Все права защищены

город Уральск,  п. Деркуль ул. Лагерная 7

8 (747) 609-6683; 8 (747) 134-1793; 2 (175) 33; 2 (181) 40

8(7112)218117